The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Ордабасы: Жастар практикасымен жұмыс жасап жатқан жастардың ары қарай жұмысқа орналасуына мониторинг жасалуы керек

Бүгін аудан орталығындағы Жастар сарайында аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы ауданның белсенді жастарымен кездесті.

2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба бағдарламасы жастарды қолдау бойынша «Жаңа бизнес идеяларын қолдау» «Бастау бизнес жобалары» аясында кәсібін бастап, мемлекеттен грант алған жастардың көрмесін тамашалаған аудан басшысы Нұрбек Бадырақов Аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің алдағы жұмыс жоспарымен танысты.

Еркін форматта өткен кездесуде аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау барысында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Жастарға арналған қайтарымсыз гранттар», жас кәсіпкерлерді дамытуға арналған «Жеңілдетілген несие» бағдарламаларын пайдалану арқылы ерінбей еңбек ету керектігіне тоқталды.

Жастар-қоғамның қозғаушы күші. Оны өзге емес уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Соның тағы бір айғағы қандай да тың жобалар мен ілкімді істер болмасын оның бастауында жастардың үлесі басым.

Жастармен болған кездесуде аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы өз ойын осылай деп түйіндеп, белсенділікті бәсеңдетпеу керектігін жеткізді. Сондай-ақ, жиын кезінде жастардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұщымды жауаптарын алды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Сотрудники бригад оказывают амбулаторно-поликлиническую помощь на дому

admin

Шымкент: жаңартылған оңалту орталығында жыл басынан бері 826 бала ем алып шықты

admin

Жүктілік пен босанғанда берілетін төлемнің мөлшері қалай есептеледі?

admin