The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

Енді кімдер жаңа қымбат дәрілерді тегін ала алады?

2025 жылдың 6 қазанынан бастап Алматы қалалық мәслихатының XXXIV кезекті сессиясында қабылданған шешім күшіне енді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Құжатқа сәйкес, бірқатар азаматтар санаттары үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі кеңейтіліп, қосымша тегін дәрі-дәрмектер тізімі енгізілді.

Атап айтқанда, “Кепілдік берілген тегін медициналық көмек аясындағы дәрілік заттар” бөлімі мына препараттармен толықтырылды:

• Бронхиалды астма – Тезепелумаб;
• Псориаздық артропатия – Гуселькумаб;
• Гипофосфатемиялық рахит – Буросомаб;
• Ювенильді идиопатиялық артрит – Тофацитиниб;
• Крон ауруы – Ведолизумаб;
• Көп ошақты склероз (рассеянный склероз) – Офатумумаб;
• Прогрессивті жүйелі склероз, жүйелі склеродермия – Ритуксимаб;
• Қалқанша безінің қатерлі ісігі – Селперкатиниб;
• Өкпе обыры – Селперкатиниб;
• Көптік миелома – Помалидомид.

Аталған шешім 2025 жылдың 19 қыркүйегінде қабылданып, 6 қазаннан бастап күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Түлкібас ауданында су шаю қауіпі бар 4 шақырымға жуық өзен бойы бекітілген

admin

Алматыда Республика күніне орай Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті

admin

Түркістан облысында ТМД елдерінде баламасы жоқ бу-газды қондырғысының іргетасы қаланды

admin