The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Алматы жасыл қалаға айналады: шаһардың бас жоспары әзірленуде

 Алматыда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2040 жылға дейінгі қаланың жаңартылған Бас жоспарын әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Бұл ретте қала аумағындағы жекелеген құрылыстарға енгізілген мораторий ескеріліп, жоспар нақты экологиялық және әлеуметтік басымдықтарға сай түзетілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Негізгі мақсат – жасыл аймақтарды кеңейту, тауға жақын аумақтарды бақылаусыз құрылыстан қорғау және экологиялық тұрғыдан теңгерімді қалалық орта қалыптастыру.

Сонымен қатар, қалада туризм инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылуда. Қазіргі таңда Алматыдағы қонақүйлердің жүктемесі 95%-ға жеткен, ал 54 жаңа қонақүй жобасы іске асырылу кезеңінде.

Сапалы инфрақұрылымсыз туристік ағынның тұрақты өсімін қамтамасыз ету қиын. Сондықтан бұл бағытта егжей-тегжейлі жұмыс жүргіземіз, – деді Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды.

Бас жоспардың басты мақсаты – Алматыны тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы, жасыл әрі тартымды мегаполиске айналдыру.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан боксшылары «ELORDA CUP» турнирінен үш алтын медальмен оралды

admin

Шымкентте мердігерден арендалық үйлер сатып алына бастады

admin

Түркістан облысында тазалық жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр

admin