The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратҚоғам

Алматыда кезекте тұрғандарға үш мыңнан астам баспана үлестіріледі

 Алматыда кезекте тұрған азаматтар үшін 3000-нан астам пәтер сатып алынады.
Қазіргі тұрғын үй қорында 885 пәтер бар, жыл соңына дейін тағы 2265 пәтер сатып алу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл баспаналар жалдамалы және несиелік тұрғын үй бағдарламалары арқылы кезекте тұрғандарға беріледі.

Сондай-ақ Қалқаман‑2 ықшамауданында 594 пәтерден тұратын 7 тұрғын үй салынып жатыр. Бұл пәтерлер де келесі жылы кезектегілерге беріледі. Тұрғын үй кезекке тіркелген күні мен табыс деңгейіне қарай бөлінеді.

Айта кетейік “Отбасы банк” жалдамалы және несиелік пәтерлерді үлестіре бастады. Кезекте тұрған азаматтарға SMS-хабарламалар жіберіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Арда азаматты еске алуға арналған турнирдің ашылу салтанаты өтті

admin

ТҮРКІСТАН: әуежай әлеуетін арттыру, әуе жүк тасымалын ілгерілету жолдары пысықталды

admin

Абай облысында білім саласында мамандар тапшы

admin