The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматы тауларында алғашқы қар жауды

Бүгін Алматы тауларында алғашқы қар түсті. Бұл сәтті “Шымбұлақтағы” камералар бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұған дейін синоптиктер мегаполисте алғашқы қар күтілетінін болжаған еді, ал құтқарушылар тұрғындарға ескерту жасаған болатын.

Бүгін Шымбұлақта нағыз қысқы ертегі! Қар ірі түйіршіктермен жауып, алдағы маусымның көңіл күйін сыйлап тұр, – делінген бейнежазбада.

Жарияланған кадрлардан тау шаңғысы кешеніне қалың қар жауып жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары алғашқы қарға қуанып, бейнежазбаның астына жүрек пен от эмодзилерін қалдырған.

Бұған дейін хабарланғандай, Алматыда 3-9 қараша аралығында ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын, соның ішінде қар күтіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте қайтарымсыз грант бойынша комиссия отырысы басталды

admin

ШЫМКЕНТ: 11 мыңнан астам тұрғын биыл ауыз сумен қамтылады

admin

МӘМС-ке төлеген ақшаны шешіп алуға бола ма?

admin