The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандады

 Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мәжіліс кулуарында Қазақстандағы дәрі-дәрмек бағасына қатысты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, жаңа партиялар жаңартылған тариф бойынша бағаланады.

Өңірлердегі дәріханаларда бұрынғы бағаға сатып алынған қор бар. Жаңа партиялардың бағасы біздің жаңартылған тарифке сәйкес есептеледі. Мұны біз бақылап отырмыз, таңбалау жүйесі бәрін көруге мүмкіндік береді. Ел бойынша дәрінің шекті бағасын асыру фактілері анықталған жоқ, – деді ведомство басшысы.

Ол сондай-ақ бірқатар препараттың бағасы төмендегенін айтты.

Көп қолданылатын антибиотик «Сумамед» бұрын 6 мың теңге болатын, қазір 3,5 мың теңге. Бірнеше препараттың бағасы төмендеп жатыр. Біз халық арасында ең жиі қолданылатын 70-тей дәрінің бағасын бақылап отырмыз. Орта есеппен 11%-ға төмендеу байқалады, – деді министр.

Еске салайық, Үкімет отырысында министр Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандайтынын айтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Н. Тұрашбеков: “Баға тұрақтылығы бақылаудан түспеуі керек”

admin

Қазақстанда 1414 нөміріне ЖИ-ассистент жауап бере бастады

admin

Шымкентте қайтарымсыз грант бойынша комиссия отырысы басталды

admin