The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

 Алматының Әуезов ауданындағы Асай-5 шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 7-қабатындағы пәтерде түнде өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, пәтер ішінде үй заттары 25 шаршы метр аумақта жанған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар тілсіз жауды дамуына жол бермей, басқа пәтерлерге таралмай тұрып сөндірді.

Қауіпсіздік мақсатында 30 адам, оның ішінде 10 бала эвакуацияланды. Тұрғындар үшін жылытуға арналған көлік ұйымдастырылған. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ өрттің алдын алу үшін азаматтарды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Қазақстан халқы ассамблеясының «мың бала» республикалық жобасының облыстық кезеңі өтті

admin

ТҮРКІСТАН: Шардарада балық және жүгері шаруашылығы жаңаша бағытта дами түседі

admin

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУ ҮЛЕСІ 3 ЕСЕГЕ АРТАДЫ

admin