The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында тазалық жұмыстары күнделікті екі ауысымда жүргізілуде

Қала әкімінің барлық аудан аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелендіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданының әкімі А.Әліқұлов ауданда тазалық жұмыстарын күнделікті тұрақты атқару бойынша тапсырма берді.
Аталған тапсырма аясында бүгінде аудан аумағында тазалық жұмыстары күнделікті таңертең және кешкі ауысымда тұрақты жүргізілуде.

Аудан аумағында орталық және ішкі орам көшелердегі санитарлық тазалық жұмыстарын «Жасыл жер» ЖШС жүргізеді. Мекеме тарапынан ауданда кезекті тазалық жұмыстары атқарылды.

Іс-шара барысында көшелерге су себіліп, арықтар қоқыстардан тазартылды. Сонымен бірге, аулалардығы қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Айта кетсек, аталған бағыттағы жұмыстар аудан аумағында өз жалғасын табатын болады.

Қаратау ауданының құрамына 17 шағынаудан мен 13 тұрғын алаб кіреді. Онда 1272 көше бар болса, оның 97-сі орталық көшелер.

Айта кетейік, аудандағы көпқабатты үйлерге жалпы 67 қоқыс алаңшасы қойылған.
Тасымалдаушы мекемелер кесте бойынша күніне 2 рет қоқыс тасымалдап, оны Ақтастағы қоқыс полигонына алып барады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда газдың бағасы басқа елдермен салыстырғанда төмен

admin

1 қаңтардан бастап не өзгереді?

admin

2029 жылға дейін Қасқасуда заманауи шаңғы курорты іске қосылады

admin