The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкенттік оқушы халықаралық олимпиадада күміс медаль жеңіп алды

Шымкент қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Тазабек Еркебұлан география пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IGEO-2021) күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олимпиада Түркияның Ыстанбұл қаласында 10-16 тамыз аралығында онлайн форматта өтті. Зияткерлік жарысқа әлемнің 46 елінен 200 оқушы қатысты.

Олимпиадаға Ақтөбе, Шымкент және Қызылорда қаласынан төрт оқушы, яғни республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары қатысты. Ұлттық құраманы жарысқа тәжірибелі педагогтер мен жаттықтырушылар дайындады. Зияткерлік сайыстың тапсырмаларын жоғары деңгейде орындаған қазақстандық төрт қатысушының үшеуі жүлдегер атанды.

IGEO олимпиадасы үш бөлімнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тест және далалық тур, оның форматы географиялық жағынан көптеген ұлттық олимпиадаларға ұқсас. IGEO негізінен қатысушылардың кеңістіктік қатынастары мен процестерді түсінуін, сондай-ақ осы білімді іс жүзінде экономикалық мақсаттарда қолдану қабілетін тексеретін олимпиада.

Осындай шәкірт тәрбиелеген ұстазы Ақбөпе Жаманқұлқызына алғыс білдіреміз!

Ұқсас жаңалықтар

Отырар: Шілік ауылындағы өзекті мәселелермен танысты

admin

Тоқаев Шығысты сүтпен қамтып отырған корпорацияны аралады

admin

Сарыағаш: кәсіпкерлік саласы, шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы

admin