The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесі қарсаңындағы ең жарқын кешке шақырамыз!

18 желтоқсан күні, сағат 19:00-де Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында
Алматы қаласының бас шыршасы жағылады.

Кеш аясында сағат 19:00-ден 20:30-ға дейін көрермендерге арнап арнайы дайындалған ауқымды мерекелік шоу-бағдарлама ұсынылады.

Мерекелік кештің сахнасында Қазақстан эстрадасының
Роза Рымбаева, «ЖІГІТТЕР» тобы, Әли Оқапов, «KешYOU» тобы, Балжан Бидаш, Мәди Рымбаев, «ASTRA» тобы, Kodi сияқты танымал жұлдыздары өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, Абай алаңында кішкентай көрермендерді Аяз Ата мен Ақшақар, басқа да ертегі кейіпкерлері қарсы алып, керемет көңіл күй сыйлайды.

Баршаңызды мерекелік атмосфераны бірге сезініп,
Жаңа жылдық шырша шамын бірге жағуға шақырамыз!

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: азық-түлік тауарларын тұрақтандыру жұмыстары қатаң бақылауда

admin

Биыл Түркістан облысында 29 елді мекен ауыз сумен қамтылады

admin

Өскеменде автобустар лық толы, көпір жетіспейді. Ал енді неге аспалы жол салынбақ?

admin