2026 жылға арналған бюджет: Ұлттық қорға қол салу азаяды

Экономист Айбар Олжай «15 минуттық экономика» 2026 жылға арналған бюджеттің ерекшелігіне талдау жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, келесі жылдың бюджеті өзіміз үйреніп қалған әдеттегідей бюджет пе, әлде мұның бір ерекшелігі бар ма деген сұрақ туындайды.
Ерекшеліктер бар. Ұлттық қорға қол салу азаюды. Жылда Ұлттық қордан кемінде 4-5 триллион теңге алынатын. Келесі жылы тек қана 2,77 триллион теңге ғана тартылады. Бұл Ұлттық қордың тез өсуіне мүмкіндік береді. Салық түсімдері күрт артады. Жаңа Салық кодексінің жұмыс істей бастауымен, және салық реформасының нәтижесінде түсімдер 4 жарым триллион теңгеге көбейеді. Бұл бюджеттің өз шама шарқымен өмір сүруіне жол ашады, — деп түсіндірді экономист.
Сонымен қатар ол дамуға мүмкіндік ашылғанын алға тартты.
Бұрынғы бюджеттер тек қана қазіргі зейнетақы айлық мәселелерін жауып, дамуға, жаңа өндіріс жасауға мүмкіндік беормейтін. Ал келесі жылдың бюджеті нақты секторды дамыту: мысалы, агроөнеркәсіпке, инфрақұрылымға, цифрландыруға 3,6 триллион теңге қарастырып отыр. Бұл болашаққа жұмыс істеу деген сөз. Бюджетте мұнайдың рөлі азая бастайды. Мұнай дәл қазір жейтін нан емес, енді тұрақтандырушы буфер, қауіпсіздік жастығымыз, ертеңге күнге сақтап отырған депозитіміз сияқты рөл ойнайтын болады, — деді Айбар Олжай.








