The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Жетісайда көшелерді қардан тазалау жұмыстары қарқынды

2023 жылдың 9 қаңтарынан бастап Жетісай ауданында қар тоқтаусыз жауды. Осыған байланысты Жетісай қаласы мен аудан аумағын қалың қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталмыш жұмыстарға 15-ке тарта түрлі техника мен 130 адам жұмылдырылған. Табиғи жағдайға байланысты жол-көлік апаттарының және түрлі дене жарақаттарының алдын алу, мұз қатуын болдырмау мақсатында көшелерге 40 тонна тұз аралас құм төселіп жатыр.

Жергілікті әкімдік қала, кент және ауылдық округ тұрғындарын, кәсіпкерлер мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін өз аулаларын қардан тазартуға атсалысуға және сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шудағы медициналық шу: Дәрігерлер қателігінен әйел үш күрделі операцияға түсті

admin

Шымкент: қала басшысы еңбекші ауданы әкімінің есебін тыңдады

admin

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар үшін салық жеңілдіктері қалай жұмыс істейді?

admin