The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

ДСМ стоматологияларда «Севоран» препаратын қолдану тәртібін өзгертпейді

Денсаулық сақтау министрлігі стоматологияларда «Севоран» препаратын қолдану тәртібін қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Сенат кулуарында денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Кез келген ем-дом, соның ішінде тіс емдеу де – медициналық процедура. Оған, ең алдымен, ата-аналар өте жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әсіресе кішкентай балаларға тіс емдеу оңай емес, себебі барлық бала ауырсынуды бірдей көтере алмайды. Осыған байланысты анестезиологиялық препараттар қолданылады. “Севоран” препараты бүкіл әлемде пайдаланылады және қауіпсіз деп есептеледі. Қазақстанда ол 2007 жылдан бері қолданылып келеді. Клиникалық хаттамалар мен анестезиологиялық қамтамасыз ету мәселесін жеке қайта қарауды жоспарлап отырған жоқпыз, себебі олардың ішінде барлық сақтық шаралары толық жазылған, – деді вице-министр.

Айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігі стоматологиялық клиникаларға ауқымды тексеру жүргізіп жатыр. Қазірдің өзінде жүздеген ұйым тексеріліп, медициналық көмек көрсету стандарттарын бұзу фактілері анықталған. Бірқатар клиникаларға айыппұл салынып, қызметін уақытша тоқтату шаралары қолданылған.

Әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 54 миллион теңгені құрады.

Сонымен қатар тек Жамбыл облысының өзінде жедел шаралар қабылданды: сот шешімімен 10 стоматологиялық клиниканың қызметі тоқтатылды. Бұдан бөлек, комитет Алматы қаласында, Алматы облысында және басқа өңірлерде бірқатар стоматологиялық клиникалардың қызметін тоқтатты. Бұл жұмыс жалғасып жатыр, – деп түйіндеді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Бәйдібек: аудандық полиция бөлімінің жедел-қызметтік жұмыстарын қорытындылау туралы кеңес өткізілді

admin

Жетісуда спортшылар арасында қайшылық туындауда

admin

Түркістандағы халықаралық инвестициялық форумға алпауыт компания өкілдері қатысып жатыр

admin