The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматыда 2025 жылы жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында 2025 жылғы мемлекеттік тапсырыс аясында жарық көрген кітаптардың көрмесі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Экспозиция ұлттық құндылықтарды дәріптеуді, оқырмандарға отандық авторлар мен жаңа басылымдарды таныстыруды мақсат етеді.

Көрме төрт бөлімнен тұрады. «Отандық әдебиет» бөлімінде отандық қаламгерлердің заманауи прозасы мен поэзиясы, қазақ әдебиеті классиктерінің қайта басылған кітаптары қойылса, «Ғылыми-танымдық еңбектер» бөлімінде тарих, этнография, өнер және әлеуметтік ғылымдар бағытындағы жаңа зерттеулер таныстырылды. Сондай-ақ «Аударма жобалары» бөлімінде әлемдік ғылыми және көркем әдебиеттердің қазақ тіліндегі нұсқалары, ал «Балалар әдебиеті» қатарына иллюстрациялық кітаптар қойылған.

Көрмені кітапхана оқырмандары 10 күн бойы тамашалай алады.

Ұқсас жаңалықтар

В ТУРКЕСТАНЕ ОБСУДИЛИ ВОПРОСЫ РАЗВИТИЯ ЦИФРОВИЗАЦИИ И ИНТЕГРАЦИИ МЕДИЦИНСКИХ ИНФОРМАЦИОННЫХ СИСТЕМ В СНГ

admin

Өмірзақ Шөкеев құрылыс алаңдарын аралады

admin

Кентау жылу орталығы тұрақты режимде жұмыс істеп тұр

admin