The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Алматыда бір бөлмелі пәтерде жүзден астам адам «тұрған»

Алматыда бір бөлмелі пәтерде жүзден астам адам «тұрған». Бұл туралы Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Алматы қаласының прокуратурасы сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтерде нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырғанын анықтады.

«Резіңке» пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа жол бермеу мақсатында көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады, — делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: референдумда ордабасылық 90 жастағы қария дауыс берді

admin

Түркістан облысында айыппұлын төлемеген 2,5 мыңнан астам жүргізуші анықталды

admin

Шымкентте 37 млн теңгеге жалған энергетикалық сусын анықталды

admin