The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Балалардың қауіпсіздігін бақылау үшін ЖИ технологиялары енгізіледі

Қазақстанда балалардың қауіпсіздігін бақылау үшін жасанды интеллект технологиялары енгізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен енгізуді көздейді. Ықтимал қауіптер анықталған жағдайда, жауапты қызметтерге жедел түрде хабар беріліп, баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылданады.

Сонымен қатар балалардың, ата-аналардың және педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру, балалардың интернетке қолжетімділігін реттеу, оның ішінде түнгі уақытта пайдалануын шектеу шаралары қарастырылған. Бұл бастамалар балаларды зиянды контенттен, кибер қауіптерден және цифрлық гигиенаны бұзудан қорғауды күшейтуге бағытталған.

Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы заңнама жаңартылып, цифрлық қауіптердің алдын алу тиімділігін арттыру және қабылданатын шаралардың жүйелілігін қамтамасыз ету көзделеді.

Ұқсас жаңалықтар

Азаматтық авиация академиясының қыздар экипажы алғашқы рейсін жасады

admin

Биыл Шымкентте 608 адамды кене шағып, дәрігерге жүгінген

admin

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұзын-сонар кезек пайда болды

admin