The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСпорт

Қазақстан Азия чемпионатында жеңіл атлетикадан екінші алтын алды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына Нора Джеруто көтерілді. Ол 3000 метрге жүгіру сайысында үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстандық спортшы 8:46.87 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Нозоми Танака (8:48.22), ал үшінші орынды қытайлық Ло Ся (9:16.18) иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Нора Джеруто 1500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болған. Ал Алина Чистякова бессайыста алтын медаль жеңіп алды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда Алаш зиялылары ұлықталған мәдени шара өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Баспаналы болуға ниет білдірген азамат төлем қабілеттілігін растау керек

admin

Базалық мөлшерлеме көтерілді: Қазақстандағы депозиттер мен несиелерге не болады?

admin