The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстанстандағы елшісін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогы екіжақты және көпжақты форматтағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп келе жатқанына тоқталды.

Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция салаларындағы маңызды уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін екі елдің салалық ведомстволары деңгейінде тығыз қарым-қатынасты жалғастыру қажеттігі айтылды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джули Стаффт Бейбітшілік кеңесі аясындағы ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

АҚШ елшісі аталған Ұйымның ізгі мақсатын ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Елорданың мәдениет қайраткерлері жаңа Конституция жобасын талқылады

admin

ТҮРКІСТАН: «ақылдыммен ақылдымын» байқауы қазығұрт ауданында жалғасты

admin

«Менің отаным – менің Қазақстаным»: Арыста әскери патриоттық шара өтті

admin