The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау: Бүгін 5 рейс жоспарланған

Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасуда. Бүгін эвакуациялық шаралар аясында бірнеше халықаралық рейс орындалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Air Astana әуе компаниясы Қазақстан азаматтарын елге жеткізу үшін екі рейс жоспарлаған:

  • Жидда – Ақтау – Алматы бағыты бойынша A320 әуе кемесі (148 орын);
  • Жидда – Атырау – Алматы бағыты бойынша A321 әуе кемесі (184 орын).

Сонымен қатар Flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы бағыты бойынша екі рейсі және Дубай – Астана бағыты бойынша бір рейсі жүзеге асырылады. Бұл рейстермен жалпы 506 жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдардың үйлестіруімен жалғасуда. Билік өкілдері эвакуациялық шаралар кезең-кезеңімен әрі жүйелі түрде іске асырылып жатқанын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандағы туризм индустриясы үшін кадрлар даярлайтын жалғыз бейінді оқу орны Түркістан қаласында

admin

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚАРТТАР КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin

Түркістан облысынан 2 мыңнан астам азамат солтүстікке қоныс аударды

admin