Ертең Астанада оқушылар мектепке бармайды

Ертең Астана қаласы бойынша бірінші ауысымның балалары қашықтан оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2026 жылғы 11 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — деп хабарлады Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда — 30 °С аяз болып, бірнеше өңірде күн суытатыны хабарланды.








