The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты

Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары Әл-Фараби ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан әкімі Рашид Мыңбаев құрылысы қарқынды жүріп жатқан нысандардағы жұмыс барысын баяндады.

Халық қалаулылары ең алдымен төменгі Отырар шағынауданының 38, 40, 13/1 және 13/1 А аулаларында соғылып жатқан балалар алаңшаларына барды. Бүгінде онда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Аталған аулаларда тұрғындардың жайлылығы үшін орындықтар, бастырма, қоқыс жәшіктері, заманауи үлгідегі ойын элементтері орнатылуда.
Сондай-ақ, мәслихат депутаттары демеуші есебінен салынып, мамыр айында пайдалануға берілген Әлімбетов көшесі 45 В мекенжайда орналасқан спорт алаңшасын көрді. Әл-Фараби ауданында Серік Төлбасовтың демеушілігімен жалпы 7 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Оның 4-і халық игілігіне берілсе, 3-і күз мезгілінде салынбақ.

Қалалық мәслихат депутаттары Данабек Исабеков, Әйгерім Жұмағұлова, Қайрат Сүлейменов жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексеру мақсатында «Қуатжылуорталығы-3» жылу қазандығын да аралап көрді. Жылыту қондырғылары мен қазандықтардың техникалық жылыту жүйесімен танысты.

Ұқсас жаңалықтар

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

admin

Өмірзақ Шөкеев жаңа әкім қызметіне сәттілік тіледі

admin

В ШЫМКЕНТЕ СТАРТОВАЛ НОВЫЙ ПРОЕКТ ПО РАЗВИТИЮ ОВОЩЕВОДСТВА

admin