The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Петропавлда Ербол Хамитов пен Кристина Шумековаға пәтер кілті берілді

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Петропавл қаласында өткен Наурыз мейрамы кезінде бірнеше спортшыға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аймақ басшысы Наурыз күндері өңір абыройын асқақтатып жүрген азаматтарды ұлықтаудың маңызы зор екенін атап өтті.

Оның айтуынша, облыстың қысқы спорт түрлері бойынша тоғыз спортшысы әлемдік деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, Солтүстік Қазақстан өңірін ғана емес, бүкіл елді лайықты танытқан.

Олардың қатарында XIV қысқы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ербол Хамитов бар.

Ол ел қоржынына алтын және қола медаль салған. Сондай-ақ конькимен жүгіру спортында өнер көрсетіп жүрген Шумековалар жоғары жетістіктерге қол жеткізген. Әсіресе Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес алтын және бір күміс медаль жеңіп алған Кристина Шумекова ерекше атап өтілді. Бұдан бөлек, 2026 жылғы Олимпиада ойындарында облыстан шыққан жалғыз спортшы Надежда Морозова да өңір намысын абыроймен қорғаған.

Әкімнің айтуынша, Ербол Хамитовке үш бөлмелі пәтер, Надежда Морозоваға екі бөлмелі пәтер, ал Шумековалар отбасына үш бөлмелі пәтер табысталған. Сонымен қатар бірқатар спортшылар мен жаттықтырушылар ақшалай сертификаттармен марапатталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында өнеркәсіп өнімінің көлемі алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты

admin

ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 300 орындық жаңа мектеп ел игілігіне берілді

admin

ШЫМКЕНТ: Алғашқы жартыжылдықта экономиканың базалық секторлары бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етілді

admin