The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Тазалық трендке айналды: Қазақстан жастары челленджді қолдады

Наурыз мейрамы аясындағы 23 наурыз – Тазару күні еліміздің барлық өңірінде кең көлемде аталып өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

 Іс-шараларға шамамен 2 мыңға жуық жас қатысып, экологиялық акцияларға белсенді атсалысты.

Ауқымды бастамалардың бірі – «Jasyl El» жастар еңбек жасақтары қолға алған «Өзіңнен баста» челленджі. Бұл бастама бүкіл ел бойынша кең қолдау тауып, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етті.

Сонымен қатар, өңірлік жастар ресурстық орталықтары мерекелік іс-шаралар өткен аумақтарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Ал оңтүстік өңір жастары «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында табиғи су көздерін тазалауға қатысты.

Аталған шаралар жастардың табиғатқа жанашырлық, тазалық және экологиялық жауапкершілік құндылықтарын насихаттауда маңызды рөл атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «НӘТИЖЕ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

admin

Балқаш әуежайында қайта құру жұмыстары басталды

admin

ТҮРКІСТАН: Сайрамдағы тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өңдей алатын зауыт

admin