The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

+30: Қазақстанда күн күрт жылынады

Алдағы күндері Қазақстанда ауа температурасы күрт көтеріледі: елдің оңтүстік өңірлерінде +30 градусқа дейін жылынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» ұсынған дереккке сәйкес, сонымен бірге батыс аймақтарда найзағайлы жаңбыр күтіледі, ал 28 наурызда Маңғыстау облысында нөсер жаңбыр болжанып отыр.

Елдің басым бөлігінде ауқымды антициклонның ықпалына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен жекелеген өңірлерде жауын-шашын болады: 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, ал 27–28 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, солтүстік пен шығыста көктайғақ құбылыстары сақталады, – делінген 25 наурыздағы метеоболжамда.

Синоптиктердің айтуынша, күндізгі ауа температурасы елдің басым бөлігінде айтарлықтай көтеріледі:

  • батыс және солтүстік-батыста: +15…+25
  • солтүстік пен шығыста: +10…+17
  • орталықта: +13…+24
  • оңтүстікте: +21…+30
  • оңтүстік-шығыста: +18…+27
  • оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында: +10…+15

Ұқсас жаңалықтар

Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалатыны рас па?

admin

ТҮРКІСТАН: Кентаудағы тігін шеберханасы 1 айда 3 мың дана әскери киім тігуге тапсырыс алады

admin

Тоқаев Көлік министрі Қарабаевқа сөгіс жариялады

admin