The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Жағдайы ауыр екі Қазақстан азаматы Түркиядан елге жеткізілді

Жағдайы ауыр екі Қазақстан азаматы Түркиядан Қазақстанға бір рейспен сәтті жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау минитсрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тасымалдау Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының күшімен жүзеге асырылды.

1966 жылы туған, тыныс алу жеткіліксіздігі және өткір өкпе ісігі диагнозы бар ер адам, Алания қаласынан жеткізілді. 2019 жылы туған, ми қатерлі ісігі диагнозы бар бала, Стамбул қаласынан әкелінді. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиация мобильдік бригадасының дәрігерлері — Баймышев Дәурен, Исмағұлова Райхан, сондай-ақ фельдшерлер Тоқтыбаев Асылбек пен Құндақбаев Ерулан және әуе кемесінің экипажының жоғары кәсібилігінің арқасында тасымалдау сәтті өтті, — деп жазылған хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

«Тоқтата алмай қалуымыз мүмкін»: ДДСҰ басшысы жаңа қауіпті вирус пайда болуы мүмкін екенін айтты

admin

Несиесін жабу үшін танысының телефонын ломбардқа өткізіп жіберген

admin

Алматыда студенттерге арналған жаңа дағдарыс орталығы ашылды

admin