The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратӘлемБасты жаңалық

Рамзан Қадыров Шешенстанда төтенше жағдай режимін енгізді

Шешен Республикасы басшысы Рамзан Қадыров өңір аумағында төтенше жағдай режимін енгізу туралы өкімге қол қойды. Бұған қолайсыз ауа райы себеп болған, деп хабарлайды BAQ.KZ «Чечня сегодня» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай аймағына Грозный қалалық округі, Аргун қалалық округі және республиканың 9 муниципалдық ауданы енген.

Режим енгізілуіне нөсер жауын, таулы аймақтардағы қатты жауын-шашын, жаңбыр мен сулы қар, өзендердегі су деңгейінің қауіпті межеге дейін көтерілуі, сондай-ақ шағын селдердің жүруі себеп болды, – делінген хабарламада.

Ақпарат агенттігінің мәліметінше, 27–28 наурыз аралығында өңірде 18 елді мекенде 1817 тұрғын үй мен аула аумақтары су астында қалған. Сонымен қатар 28 жолды су шайып кеткен, бір бөгет бұзылған, 17 көпірге, 5 газ құбырына және 6 трансформаторға зақым келген.

Ұқсас жаңалықтар

11 жастағы қыздың үстіне үйдің шатыры құлады

admin

Мұрат Әйтенов: Бүгін мектебіне үлес қосқан бала, ертең еліне қызмет етеді

admin

Мәулен Әшімбаев: «Орта Азия аймағында мемлекетаралық диалог жаңа, сапалы деңгейге көтерілді»

admin