The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Атырау облысында прокурорлар 389 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді

Жылыой ауданының прокуратурасы аудан әкімдігінің бюджет қаражатын негізсіз жоспарлау және жұмсау дерегінің жолын кесті.

Аудандық бюджет комиссиясының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы шешімімен спорт кешенін сатып алуға 389 млн теңге бөлу мақұлданған.

Алайда, қадағалау органы әкімдік сатып алуды жоспарлаған нысанның тозығы жеткен күйде екеніне назар аударды.

Тиісінше, нысанды сатып алғаннан кейін оны жөндеуге бюджеттен қосымша қаржы талап етіледі, бұл екі есе шығынға әкеп соғады.

Осылайша, аталған жобаны іске асыру бюджет қаражатын ұтымды жоспарлау және тиімді пайдалану принциптеріне қайшы келеді.

Осыған байланысты, прокурорлық қадағалау актісі бойынша шешімнің күші жойылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Қадағалау органы бюджет заңнамасы саласындағы заңдылықтың сақталуы ерекше бақылауда екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Арыста қала күніне орай орталық көшелерге газ берілді

admin

Көлік таптап кетті: 11 адам қаза болды

admin

ШЫМКЕНТ: Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті

admin