The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Жетісу облысында инвесторлар қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салуға ниетті

 

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен кездесті. Кездесу барысында өңірде қуаты 1 ГВт болатын энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған жел электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жоба «Самұрық-Энерго» АҚ мен қытайлық инвесторлардың бірлесуі арқылы жүзеге асырылады деп күтілуде.

Жел электр паркін салу жобасы туралы «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов жан-жақты баяндап берді. Оның айтуынша, жобаны іске асыру облыстың электрмен сенімді жабдықталуына мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыруға қатысты барлық мәселелерді талқылағаннан кейін кездесуге қатысушылар жақын арада жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізуге келісті.

Кездесу соңында Бейбіт Исабаев:

— Бұл — мультипликативтік әсер беретін ауқымды жоба. Біз өз тарапымыздан қолданыстағы заңнама аясында барлық қажетті қолдау көрсетеміз. Сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де ұмытпау керек, — деді.

Кездесу қорытындысында қос тарап жобаны іске асыруды одан әрі жандандырып, инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты.

Ұқсас жаңалықтар

Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі органдардың халықаралық қауымдастығына енді

admin

Жаңа Конституция бойынша референдумда қандай сұрақ қойылады?

admin

Шымкент : Абай ауданында ифрақұрылым мәселесі шешілуде

admin