The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Күзгі энзоотияға қарсы іс-шараларға дайындық жұмыстары басталды

Шымкент қаласында күзгі энзоотиялиялық іс-шараларға дайындық жұмыстары басталды. Дизенфекциялау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандары жүргізетін болады.

Бұл жұмыстарға 18 дезинсектор маман жұмылдырылған. Олар арнайы техникамен, қорғаушы киім және арнайы құралдармен қамтамасыз етілген.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары А. Джанбатыров дайындық жұмыстарын пысықтап, сала мамандарымен дезинфекциялық жұмыстардың тәртібін талқылады. Пандемия кезінде жұмысты бастар алдында тұрғындарға кеңінен түсіндіріп, тыңғылықты талқылау қажеттігін айтты.

Күзгі кенеге қарсы жұмыстар барысында 100 мың мал басы бүркіліп, 102 мың уақ малға тоғыту жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, залалсыздандыру жұмыстары тек ауыл шаруашылығы жануарлары бар және оларды ұстауға арналған қора-жайлары бар үйлерге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тегін жүргізіледі.

Құрметті қала тұрғындары мен шаруа қожалық иелері!

Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу барысында өзіңізбен қатар айналаңыздың қауіпсіздігі және жұмыстардың сапалы болуы үшін жауаптылықпен қарауларыңызды және қора-жайларыңызды қи-қоқыстан тазартуларыңызды сұраймыз.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Шардарада қалалық емханаға барар, жаңа жолдың құрылысы аяқталды

admin

Алматыда 60 жыл болған құбырды алмастыру үшін көлік қозғалысы шектеледі

admin

Шымкент полицейлері балалар үйінің тәрбиеленушісінің арманын орындады

admin