The Dala Times ақпараттық сайты
Басты жаңалықҚоғам

Шығыс Қазақстан «ROAD TO ASTANA 2027» фильмінің бір бөлігіне айналады

Ресми тудың өңірге сапары фестивальмен ғана шектелмейді. «ROAD TO ASTANA
2027» жобасы аясында Қазақстанды оның адамдары, спорты мен табиғи көрікті орындары
арқылы танытатын арнайы түсірілімдер жүргізілуде.
Шығыс Қазақстан облысындағы түсірілім маршрутына Катонқарағай ұлттық паркі,
Рахман қайнары, Сібе көлдері және Батыс Алтайдың табиғи аймақтары енгізілген. Өңірлерде
түсірілген материалдар ресми тудың Қазақстан бойынша сапарын және еліміздің әлем
чемпионатына дайындығын баяндайтын біртұтас визуалды хикаяға біріктіріледі.
«ROAD TO ASTANA 2027» — бұл жай ғана ресми тудың сапары емес. Бұл бүкіл елдің
әлем чемпионатына бастар жолы: Лондоннан Қазақстанға, еліміздің өңірлері арқылы
Астанаға дейінгі ортақ сапар.
Жобаның келесі кезеңдері Қазақстанның өзге макроөңірлерінде жалғасады.
Маршруттың соңғы нүктесі елорда болады.
ITTF World Table Tennis Championships Finals Astana 2027 әлем чемпионаты 2027
жылғы 22-30 мамыр аралығында Астана қаласында өтеді. «ROAD TO ASTANA 2027»
жобасының финалдық кезеңі ресми тудың әлем біріншілігі өтетін қалаға символдық түрде
қайта оралуымен түйінделеді.

Ұқсас жаңалықтар

Құрылыс кодексі Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің биіктігін қалай реттемек

admin

Таразда ақша бопсалаған блогер ұсталды

admin

«Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы аясындағы атқарылатын жұмыстар талқыланды

admin