The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағын ауданына биыл табиғи газ беріледі

Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімдігі мен қаладағы инфрақұрылым саласының өкілдері Асар-2 шағын ауданының тұрғындарымен кездесіп, инфрақұрылым мәселесі жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді. Асар-2 шағын ауданында ауыз су жүйесімен қамту бойынша «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан құрылыс жұмысы жүргізіліп, аяқталуға таяды. Жоспар бойынша биыл қараша айында тұрғындарға сапалы ауыз су берілетін болады.

Сонымен бірге электр жарығы бойынша «Ремстрой Алматы» ЖШС тарапынан жұмыстар толығымен аяқталды. Тамыз айында тұрғындар электр жарығына қол жеткізбек. Табиғи газ мәселесі бойынша «Отау Строй» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қараша айында шағынаудан тұрғындарын табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, бүгінде «Атырау Group» ЖШС тарапынан шағынауданындағы 17 шақырым жолға шағал тас төселініп жатыр.

Асар-2 шағынауданында ауыз су жүйесімен қамту бойынша қазіргі таңда «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізіліп, аяқталуға таяды. Биыл қараша айында тұрғындарға сапалы ауыз су берілетін болады. Сонымен қатар, электр жарығы бойынша «Ремстрой Алматы» ЖШС тарапынан жұмыстар толығымен аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Учаске» іс шарасы барысында шымкенттік полицейлер тұрғын үйлерді аралауда

admin

Жалған медициналық көмек шығыны – 26 миллиард теңге. Тоқаев ҚМА төрағасын қабылдады

admin

Шымкентте 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама жүйелі жүзеге асырылуда

admin