The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Болашақ кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде

Кәсіп бастаймын деген болашақ кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан мүмкіндіктер көп. Солардың бірі —

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде Мемелекеттен қолдау тапқан қала тұрғаны — Сауле Абдукадирова.

Ол былтырғы жылдың шілде айында «Атамекен» палатасы жанындағы «Бизнес бастау» курсына қатысып, қолына сертификат алған соң, мемлекеттік грантқа «Шаштараз ісі» бойынша комиссияға өз бизнес-жоспарын ұсынған. Нәтижесінде жобасы мақұлданып, 200 АЕК(555 650 тг) көлемінде грантқа қол жеткізді. Бөлінген қаражатқа керекті құрал жабдықтарын алып, қазіргі таңда тұрақты түрде қызмет көрсетуде.

— Жалпы бұл бағдарлама кәсіппен айналысамын деген жергілікті тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібімді ашып, қазіргі таңда 50-ге жуық шәкірт тәрбиелеудемін – дейді Сауле Абдукадирова.

Жалпы, Шымкентте былтыр 4828 адам мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Оның ішінде 407-сі көп балалы отбасы мүшелеріне, 2122 -аз қамтамасыз етілген отбасыларға, 29-мүгедек азаматтарға ,1075-сі жастарға және 1195 өзге санаттағыларға берілді. Биыл 600 азамат грантқа қол жеткізіп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қонаевта «Re women» әйелдер қауымдастығының форумы өтті

admin

Абай облысында әскери қызметші қайтыс болды

admin

Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

admin