The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ЖОЛДАУ: «… барлық салалар қамтылды»

Қазақстан республикасының Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезекті жолдауында қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық салалар қамтылды. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени және өзге де бағыттар туралы жан-жақты айтылды. Цифрландыру мәселесіне айырықша тоқталды. Токио Олимпиадасын да назардан тыс қалдырмады. Мемлекет басшысы елдегі жағдайдың бес саусағындай білетіндігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Президент оқытушылар даярлау ісіне айырықша мән берген. Ең алдымен, мұғалімдер жалақысының өсетінін және әрі қарай кезең-кезеңімен арта беретіндігін жеткізді. Ең төменгі жалақының 42500 теңгеден 60 мыңға дейін көтерілуі барша азаматтардың еңбекақысына да зор әсерін тигізетіні анық.

Сондай-ақ техникалық мамандықтарда оқитын шәкірттердің оқу ақысының жоғары екендігінен Президент те хабардар. Осы себепті мұндай мамандықтарда тегін оқу туралы тапсырма берілді. Қашықтан оқудың сапасыздығы, ауылдық жерлердегі интернеттің әлсіздігі туралы мәселесін сынға алды. Алда уақытта осы қателіктің орны толады деп сенемін.

Ұқсас жаңалықтар

Ақылы жолда төлем жасау ережелері өзгереді

admin

Мемлекет басшысы үш ардагерге «Халық қаһарманы» атағын берді

admin

«Қазақстан-Қытай» форумы. Құны 629 млн доллар болатын келісімге қол қойылды

admin