The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кетті

 Руслан Берденов өзінің өтініші бойынша Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен кетті. Ол бұл қызметті биылғы жылдың ақпан айынан бері атқарып келген, деп хабарлайды BAQ.KZ Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Руслан Берденов 1985 жылдың наурыз айында Шымкент қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және КИМЭП университетін “Іскерлік басқару магистрі, қаржылық менеджмент маманы” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы “Procter & Gamble LLP” компаниясында бастаған. 2010-2012 жылдары “EASTCOMTRANS” ЖШС-нің жылжымалы құрамды жалға беру департаментінің директоры, 2012-2018 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бас директоры, 2018-2019 жылдары “Ақ ниет” ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі, 2019-2023 жылдары “Aq Niet Group” бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдың наурызынан қала әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Парламенті VIII шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі болды.

Еске салайық, Шымкент әкімі Руслан Берденовке 21 сәуірде қалалық әкімдіктің ғимараты жанында қастандық жасалды. Оған оқ атылып, жарақатпен ауруханаға жеткізілген.

Берденовке оқ атқан Шымкент әкімдігіне қарасты серіктестіктің қызметкері күдікті деп танылған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды. Бастапқыда оқиғаға қызғаныш не әдепсіз қылық себеп болуы мүмкін деген болжам жасалды.

Сондай-ақ Руслан Берденовті атқан күдікті Ернар Жиенбайдың әйелі де мәлімдеме жасаған еді.

2025 жылдың 28 шілдесінде Шымкентте Берденов ісі бойынша сот процесі басталды

Кейін Берденовке қастандық жасаған Жиембайға сот үкімі шықты.

Ұқсас жаңалықтар

Ташкентте «ЖІБЕК ЖОЛЫНДАҒЫ ТУРИЗМ» халықаралық туристік жәрмеңкесі өтуде

admin

Мемлекет басшысы бизнес жүргізу мәселелері бойынша заңға қол қойды

admin

Түркістандық өнерпаздар Тәжікстан елінде өнер көрсетті

admin