ШЫМКЕНТ: Тарихи орындарды жаңғырту жобалары қолға алынуда

0

Биыл елімізде туризм саласын дамыту бойынша қабылданған жаңа заңда туристік нысандар салатын кәсіпкерлер үшін инвестициялық жеңілдіктер қарастырылатынын айтады. Соған сәйкес қаржылай қолдау тетіктерінің де ауқымы кеңейді. Олардың қатарында инвестициялық жеңілдіктер, туристік қызметті ынталандыру, сырттан туристер әкелетін туроператорлардың шығындарын субсидиялау сияқты басымдықтар бар.

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының басшысы Айдарәлі Әмірәліұлының мәліметінше биылдан бастап елімізде турист салығы енгізілуде. Ол бір тәулікке адам басына шамамен 500-1500 теңгені құрайды. Аталған салық жергілікті әкімдікке түседі. Жиналған қаражат туризм саласын дамытуға жұмсалады. Тағы бір мүмкіндік, егер сіз кәсіпкер болып қоғамдық әжетхана соғатын болсаңыз айына 83 мың теңге күтіп-баптауға беріледі. Ал туристерге арналған автобус сатып алған жағдайда 25 пайыз қаржысын мемлекет субсидиялайды. 500 миллион теңгеден көп мөлшерде инвестиция құйып туристік нысан соғатын болсаңыз, онда 10 пайыз ақшасын мемлекет арқылы субсидиялау көзделген. Әрбір шетел азаматы туристік компанияға келетін болса, 20-25 пайыз қосымша субсидиялау қарастырылған.


ПІКІР ЖАЗУ