Шымкенттің туристік әлеуетін арттыру үшін кәсіпорындар бәсекеге қабілетті болуы қажет

0

Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік сипат алып отырған бұл сала тек табиғатпен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен, салт-дәстүрдің даралығымен де ерекшеленіп отыр. Табиғаты тамаша, келбеті келіскен, күн санап көркейіп, гүлденіп келе жатқан шырайлы шаһарды саялы саябақтар мен  көптеген демалыс орындары, гүлмен көмкерілген  әсем де тарихи  кешендер шырайын  келтіріп тұр.

Шымкенттің туристік әлеуетін арттыру үшін туристік кәсіпорындар бәсекеге қабілетті болуы қажет. Туристерді жайлылық пен меймандостығымыз арқылы тарта аламыз. Бізде көрсетуге тұрарлық һәм мақтан ететін жерлеріміз бар. Алайда қанша жерден ауқымды жобалар жасалғанымен халықтың мәдениеті соған сай дамымаса, оның бәрі бекер. Шымкентте биыл алғаш рет шахматтан ұлттық ел чемпионаты өтті. Қала еліміздегі туристер баруға ұсынылатын топ-10-ға енді. Шымкент жайлы интернет желісінен миллион төңірегінде ғана сұрау болса, қазір бұл көрсеткіш едәуір артқан. Visit-shymkent.kz порталы көмегімен насихат жұмыстары жалғасуда. Қоғам және әлеуметтік желі белсенділері арқылы да қаладағы барып көруге тұратын 10 туристік нысанды ұсынылуда. Ол нысандарды барлық қала тұрғыны білуге міндетті.


ПІКІР ЖАЗУ