ШЫМКЕНТТЕ 8 КӨШЕГЕ ОҢ ЖАҚ ӨТКЕЛ САЛЫНУДА

0


Шымкент қаласында көлік кептелісін болдырмау мақсатында көшелердің қиылысына оң жақ өткелін салу жұмысы қарқын алған.

Қалада оң жақ өткелдердің жалпы қажеттілігі – 45 орын болса, 2021 жылдың жоспары бойынша 8 көшедегі 10 орынға жерге оң жақ өткел салынуда.

Айта кетсек, жыл басында биыл 11 орынға оң жақ өткел салу жоспарланған болатын. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, жобаға өзгеріс енгізіліп, салынатын өткел саны 10 болып бекітілді.

Атап айтқанда, Сыпырған ата – Әль-Фараби, Сыпырған ата –Темірлан тас жолының қиылысы, Рысқұлов–Адырбеков, Арғынбеков–Өтегенов, Рысқұлов–Шаяхметов, Рысқұлов –Қазиев, Шаяхметов–Арғынбеков және Арғынбеков–Байтереков көшелерінің қиылысында құрылысты 3 мердігер мекеме жұмыс жүргізіп отыр.

Аталған көшелерде жұмыс аяқталған соң 60 жол белгісі орнатылады. Оң жақ өткелін салу жұмысы осы жылдың сәуір айында басталған. Құрылыстың аяқталуы қазан айының соңына жоспарланған.

Бүгінгі күні аталған құрылыс нысандарында жұмыстар басталып аяқталуға жақын.


ПІКІР ЖАЗУ