БИЫЛ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 40 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

0

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы әлеуметтік нысандар орналасқан аумақтарда түнгі жарықшамдар санын көбейту туралы аудан әкімдеріне тапсырма жүктеген болатын. Осыған орай аудандарда ауқымды шаралар жүргізілуде.
Шымкенттегі Қаратау ауданында осы жылға дейін 1272 көшенің 36 көшесі жарықтандырылған болатын. Биыл ауданда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында тағы 40 көше жарықтандырылады. Қазір оның 19 көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталып, жарықшамдар қойылды.

Атап айтқанда, Жоламан, Сарбаздар, Аширов, Гүлдала, Алтынсарин, Мұзтау, Ақпейіл, Арайлы таң, Зеңгі ата, Ақбота, Түлкиев, Бозарық ш/а Ұстамұхамат, Ақжайық ш/а Бөкейханов, Нұртас ш/а Шертер, Қазақ радиосы, Ақ алтын, Зере, Құсқоңыр және Кентара көшелері.

Бұдан бөлек, жыл соңына дейін 21 көше — Назарбаев, Асар ш/а Жейхун және балалар емханасының аумағы, Ақбастау, Нұрсат ш/а балалар ауруханасының көшесі, Амангелді және Төлеметов көшелеріне, Қайнарбұлақтағы Степная көшесіне, Сіргелі, Асар ш/а №4 және Атекент көшшелері, Орманшы ш/а Алатау, Сайрам т/а Ибрагим ата, Мерген төбе, Кемеқалған, Бабашұлы, Өтебаев, Балқыбеков, Әбдіров, Бекмаханов, Мәртөбе т/а орталық көшелер жарықтандырылмақ.

 


ПІКІР ЖАЗУ