The Dala Times ақпараттық сайты
Спорт

Арыстық Аяжан «Әлемнің үздік жауынгері» атанды

Ресей Федерациясының Анапа қаласында әмбебап жекпе-жектен Әлем чемпионаты өтті. Спорттық сайысқа Түркістан облысынан Жауынгерлік өнер қауымдастығының екі сайыпқыраны қатысып, жүлделі орыннан көрінді, деп хабарлайды 13kz.kz 

14-15 жас аралығында 52 келі салмақта арыстық ару Аяжан Ергентай І орынды иеленіп, ресейлік қарсыласын накаутқа жібергені үшін «Әлемнің үздік жауынгері» атанды. Ал, 16-17 жас аралығында 80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен түркістандық Муслим Асадиллаұлы ІІ орынды місе тұтты. Бапкерлері — Асхат Борықбаев, Болат Ибрагимов және Талғат Мақажанов.  Қос спортшы да бұған дейін елімізде өткен спорттық жарыстарға қатысып, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған. Мәселен, Аяжан Ерзатқызы әмбебап жекпе-жектен, «ММА» аралас жауынгерлік жекпе-жек бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында жеңімпаз. Сондай-ақ, Болгарияның астанасы София қаласында өткен «ММА» аралас жекпе-жектен Әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған. Ал, Муслим Асадиллаұлының жасөспірімдер арасында жекпе-жек және панкратионнан облыс чемпионы деген атағы бар. Сонымен қатар, «Дала бөрілері — Көкжал FC» ашық турнирінің жеңімпазы.

Нұртас КЕҢЕСБЕКОВ.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш жастары «EVENING SPORT» жобасы аясында өткен футболдан қос жүлденің жеңімпазы атанды

admin

Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиадаға баратын спортшылар белгілі болды

admin

Түркістан: Жетісайда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

admin