Қазақстанда электр энергиясы қатты қымбаттап барады

0

Қазақстан бойынша электр энергиясының тарифтері 6,2%-ға көтерілді, деп хабарлайды  kaz.zakon.kz

Сонымен қатар, елде электр энергиясын тұтыну күрт өсті: бірден 7%-дан астамға артты. 2021 жылдың үш тоқсанында электр энергиясын өндіру 83,6 млрд кВт•сағ құрады, бұл былтырғыға қарағанда 7,7%-ға артық. Барлығы үш өңірде энергия өндіру артқан (Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары). Қалған аймақтар энергияға тапшы, олардың көпшілігінде тұтыну өндірістен бірнеше есе көп», — делінген Ranking.kz зерттеуінде. Тұтынудың ұлғаюы еліміздің барлық өңірлері бойынша тіркелген, ең көбі – Қызылорда (жылына 16,5%-ға), Батыс Қазақстан (14,3%-ға), Ақмола (14,2%-ға), Түркістан (12,7%-ға) және Алматы (11,4%-ға) облыстары. Тұтынудың ең жоғары жылдық өсімі Батыс қазақстан (28%-ға), Түркістан (15%-ға) және Ақмола (13%-ға) облыстарында байқалды. Электр энергиясына тарифтері тоғыз айдың қорытындысы бойынша 2020 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда ел бойынша орташа есеппен 6,2%-ға көтерілді.  Анықтама үшін: бұрын, 2020 жылдың осы кезеңінде сектордағы тарифтердің жылдық өсуі 3,2%-ды құрады, ал 2019 жылы халық үшін баға 6,8 %-ға төмендеді.

Бақытжан Отарбаева



ПІКІР ЖАЗУ