The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратСаясат

«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы Туркістанда таныстырылды

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б. Тлепов Түркістан облысыныңзиялы қауым өкілдерімен жәнемемлекеттік қызметкерлермен кездесіп «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының міндеттері мен жүзеге асу тетіктерімен таныстырды. Жобаның негізгі мақсаты–  ұлттық мәдени бірегейлікті сақтау және мәдени өнімдерді ынталандыру, олардың сапасы мен алуан түрлілігін арттыру арқылы әрбір қазақстандықтың көркемдік-шығармашылық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Жобанегізгі үш бағыттан тұрады, 7 міндет, 21 көрсеткіш және 66 ауқымды іс-шара көзделген.Бірінші. «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту» бағыты.Бұл бағыт бойынша 38-іс шара, 8 көрсеткіш көзделген.Екінші «Ел Рухы» бағытымәдениет саласында қолжетімділік пен сапаны арттыру,  13 іс – шара мен  5 көрсеткішке жету жоспарланған. Үшінші. «Тәуелсіздік ұрпақтары» бағыты. Бұлжастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашу және оларды қоғамдық пайдалы істерге тартуміндеттерін қамтиды. Бұл бағыт бойынша 15 жалпыұлттық ауқымды іс-шара мен 8 нақты көрсеткішке жету жоспарланған   Кездесу соңында Б.Тлепов Ұлттық жобаныңмаңыздылығын ескеріп ақпараттық-түсіндіру жұмысты жандандыруды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте 40 жастағы ер адамды ұрып өлтірген күдікті ұсталды

admin

Иновация : Шымкенттегі мектептер биыл «ақылды» турникетпен толық қамтылады

admin

Тұрғындар тұрмыстық қалдықтар шығару қызметін төлеуден жалтаруда

admin