The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шаңырақ күні жаңа босанған аналарға сыйлықтар табыс етілді

 Астанада Шаңырақ күнін тойлау қарсаңында «№2 көпбейінді қалалық аурухананың» акушерлік блогында жаңа туған нәрестелердің аналары марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шарада Есіл ауданы әкімі Дәрменияр Қыдырбекұлы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Бауыржан Бектұрсынов жас босанған аналар мен сәбилерге туу туралы куәліктері мен сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, биыл Наурыз мерекесі жаңаша бағытта атап өтіліп жатыр. Наурызнаманың онкүндігін мерекелеу аясында 17 наурызда Шаңырақ күні, яғни отбасылық құндылықтардың рөлі насихатталады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының өңірлік экспорттық кеңесінің отырысы өтті

admin

2050 жылға қарай Қазақстанда қарттар көбейіп, халық саны 26,5 млн адамға жетеді – БЖЗҚ

admin

«Аңсаған сәби» Президенттік бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүниеге келді

admin