The Dala Times ақпараттық сайты
Денсаулық

Қожайыны қасақана көлікпен қаққан бақташы есін жиды

Өзімен сөзге келіп қалған қызметкерін жайылымда көлікпен қуып жүріп қаққанымен қоймай, аяусыз таяқтың астына алған шаруа қожалығы иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Дәрігерлердің ауыр дене жарақатын алған бақташыға он күнге толмай жатып үшінші рет операция жасауына тура келеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Матай ауылының маңында орын алған сұмдық оқиғаны жолай өтіп бара жатқан жүргіншілер түсіріп алып әлеуметтік желіге жүктеген. Полиция қызметкерлері бақташыны аяусыз ұрған фермерді тұтқынға алып бастапқыда оған «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» айыбын тақса, істің мән-жайын зерттей келе оны «Өлтіруге оқталу» айыбына ауыстырған. Сонымен қатар, шаруа қожалығы иесінің қылмыс жасаған кезде мас болғаны анықталды.

Тоғыз қабырғасы сынып, мойыны мен басына зақым келген отағасының уақытша еңбекке жарамсыз болып қалуы себепті жұбайы қалың жұрттан көмек сұрауда. Бақташының ауруханадан қашан шығары белгісіз.

Ұқсас жаңалықтар

9 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды

admin

Алматыдағы шектеулер: вакцина салдырмағандар қашықтан жұмыс істейді

admin_dala

Түркістан облысында 270 мыңнан астам адамға тұмау мен ЖРВИ-ге қарсы екпе салынды

admin