The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратҚоғам

Шуда балаларға зорлық жасады деген күдікті ұсталды

Жамбыл облысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны 9 жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген.

Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Экспресс К.

6 мамырында Шу аудандық полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, 2022 жылдың наурыз айының басында қараусыз қалған ғимаратта белгісіз ер адамның өзінің кәмелетке толмаған ұлы мен онымен жасты досына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтып арызданған.

«Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚК 121-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты Шу аудандық сотымен қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», — делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА

admin

Алматы облысында «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» жобасы қорытындыланды

admin

Шымкентте ұлы абай мұрасы ұлықталды

admin