The Dala Times ақпараттық сайты
ҚоғамСаясат

Республикалық штаб мүшесі жаңа реформаларды қолдауға шақырды

Бүгін елге танымал сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «AMANAT» партиясы жанынан құрылған республикалық штаб мүшесі Көпен Әмірбек спорт саласының өкілдерімен кездесу өткізді.

«Түркістан арена» көпфункционалды спорт кешенінде өткен жиында референдум тақырыбы қозғалды. Оған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев та қатысты.

Елдің өткені мен бүгінін саралап, болашақтың болжамына шолу жасаған К.Әмірбек референдумның қоғам алдындағы рөліне тоқталып, өзіндік көзқарасын жеткізді. Жаңа реформаның қабылдануы, оған азаматтардың қатысуы, сайлау жүйесіндегі өзгерістер жайлы Б.Тәжібаев ақпараттармен бөлісті. Жиын соңында штаб мүшелері ел тарихындағы айтулы шараға жауапкершілікпен атсалысуға шақырды.

Ақпарат көзі: «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Иран бірқатар маңызды құжатқа қол қойды

admin

КҚК-дегі шабуыл: Қазақстан экономикасы сыртқы қауіптерге қаншалықты дайын?

admin

Алматыда 2026-2030 жылдарға арналған қаланы дамыту жоспары қабылданды

admin