The Dala Times ақпараттық сайты
Қоғам

Түлкібаста 64 отбасы қоныс тойын тойлады

Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы тұрғындары үшін бүгін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентінде 64 пәтерлік бір тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға берілді.

Қуанышты іс-шараны аудан аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен ашып, жиналған қауымды баспаналы болуларымен құттықтап, жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерін табыс етті. Бүгінгі таңда ауданда тұрғын үй кезегінде 2700-ден астам азамат болса, соның 64-і баспаналы болды. Оның ішінде 24 көпбалалы отбасыға, 2 толық емес отбасыға, 13 ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, 1 бюджет саласының қызметкеріне және кент орталығындағы үйлері аппаты деп танылған 23 тұрғынға баспана берілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ата заң жобасы жалпыхалықтық референдумға шығаруға дайын – Марат Шибұтов

admin

Сарыағаш ауданында жол жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізілді

admin

Қазақстан театрларының ТМД елдері арасында беделі жоғары — Ербол Хабылбеков

admin