The Dala Times ақпараттық сайты
ҚоғамСаясат

Ынтымақ, үлгі іздесең, қариясы басшы топқа бақ

Сайрам ауданындағы дауыс берушілер тобын қариялар бастап, көпке үлгі болды. Қазыналы қарттар таң атқаннан тайлы-тұяғымен келіп, өз таңдауын жасап, алдағы ел болып күткен өзгерістерге батасын беріп жатыр.

Әрбір референдум учаскесіндегі патриоттық әндер бойға күш-жігер сыйласа, ақсақалдардың батасы баршаны рухтандырып-ақ тастады.

Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Атыңа батса алтын ер — атып ұр да, отқа жақ, Ынтымақ-үлгі іздесең — қариясы басшы топқа бақ» дегені осы болса керек. Сайрам ауданының әрбір азаматы #референдум учаскесіне ерекше көңіл күймен келіп қатысуда.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы заңға қол қойды

admin

СІМ басшысы Қытай бизнесімен инвестициялық жобаларды талқылады

admin

Шымкент: Шомылу маусымына дайындық жұмыстары басталды

admin