Кетаулық соғыс ардагері өз таңдауымен бөлісті

0

Түркістан облысы, Кентау қаласының тұрғыны, ҰОС ардагері Бадан Туребаев өз шаңырағында референдумдағы таңдауын жасады. «Өскелең ұрпақтың жарқын болашағына үлкен өзгеріс беретін маңызды сәтте менің де таңдауым маңызды», дейді ақсақал.

Ардагер Бадан Туребаев 1924 жылдың 13 қарашасында Түркістан облысында дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылды. 4 ай әскери дайындықтан өткен соң Бельарус майданында жорық жолы басталып, ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түскен. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп «Ерлігі үшін» медальімен марапатталған. Жорық жолы Берлинге дейін жалғасты.

1-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орденімен, екінші рет «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарімен марапатталған. Соғыстан соң 1948 жылы Норвегияның шекарасында болып, елге 1950 қараша айында оралып, еңбекке араласты. Кентау қаласындағы Мырғалымсай кенішінде ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеп, зейнеткерлікке шықты.

Ардагер ақсақал елдің тыныштығы мен амандығын тілеп, ақ батасын берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

КілтсөздердауысРеферендум


ПІКІР ЖАЗУ