«Алтын Орда» базарының иесінен 47 млн теңге тәркіленеді
Мекеме ақпаратына сәйкес, серіктестік Алматы облысы Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен әкімшілік жаупкершілікке тартылған. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодкестің 159 бабы 3 бөлігіне сәйкес, «Алтын Орда» базарының монополиялық жоғары бағаны қолдану кезінде алынған 46 976 550 тенге көлеміндегі монополиялық кірісін тәркілеу шешімі шығарылып, серіктестікке 1 424 776 тенге көлемінде айыппұл салынған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департамент Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғап, материалдарды қарау үшін Алматы облысының Қарасай мамандандырылған ауданаралық сотына жіберген болатын. Атап айтқанда, 2022 жылғы наурызда «Алтын Орда» базарын тексеру қорытындылары бойынша серіктестік қызметінде сауда орындарын күнделікті жалға беруде монополиялық жоғары бағасын белгілеу және ұстап тұру сынды үстем не монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталған.