The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: қала әкімі шахматшы қариялардың талабын тыңдады

 Шахмат ойынын тұрақты ойнайтын 58 және 85 жас аралығындағы қариялардан құралған «Ақ тұлпар» клубының өкілдері қала әкімі Ғабит Сыздықбековтен ғимарат мәселесін шешіп беруді сұрады. Спортты серік еткен ардагерлер бұл өтініштерін бүгін Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуде жеткізді. Қала басшысы қариялармен «Орталық саябақта» жүздесіп, талап-тілектерін назарға алды.

 Клуб ғимараты М.Х.Дулати атындағы 8-мектептің күрделі жөндеу жұмыстар жүргізілуіне байланысты бұзылған болатын. Қазір клуб мүшелері «Орталық саябақта» орналасқан «Оқушылар сарайына» жиналуда.

Қала әкімі шахматшы ардагерлердің ұсыныстарын заң шеңберінде қарастырып, жауаптыларға ғимарат мәселесін жан-жақты қарастыруды тапсырды.

 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Мақсұт Исахов жол құрылысының сапасын бақылады

admin

Ордабасы: онлайн форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

admin

ТҮРКІСТАН: Сауранда республика күніне орай 200 орындық «самғау» оңалту орталығы ашылды

admin